Дата публикации: 17.08.2020 15:39
Дата изменения: 17.08.2020 15:58

       Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне орай, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып мерекелік жиналыс өтті.

        Департамент басшысы Ғ.Орынов  құттықтау сөзінде қызметкерлердің ел қазынасын толтыруда салықтық және кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру ісіндегі елеулі еңбектеріне тоқталды. Осынау үлкен жұмыс біздің ұжымның қатысуынсыз жүзеге аспағанын атап өтті.

       Салтанатты мерекеде  еңбегі еленген бірқатар  қызметкерлер ҚР ҚМ, ҚР ҚМ МКК, Қызылорда облысы бойынша МКД құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Әріптестеріміз Д.Қосбергенов, Ж.Лесов, Г.Қарымсақова, Г.Темірова үлгілі және жемісті жұмыстары үшін «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгілерін иеленді.

       Сонымен қатар, әріптестері Күлшат Мәлікқызы Нұртаеваны құрметті еңбек демалысына шығарып салды.   

        

Қызылорда облысы бойынша МКД