- +Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 14.01.2019 15:31
Date of changing: 14.01.2019 15:34
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап импортталған тауарларды өткізген жағдайда шот-фактура жазып беру міндеті туындайды
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Салық кодексінің 412-бабы 1-тармағы 5)-тармақшасының редакциясына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.
Сонымен бірге Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағына сәйкес шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:
1) есеп айырысулары: -сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы; -төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген;
2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;
3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;
4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;
5) тауар дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;
6) Салық кодекстің 397-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.
Жоғарыда жазылғандарға байланысты импортталған тауарларды өткізген жағдайда Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағының 1) - 6) тармақшаларымен қарастырылған жағдайларда шот-фактураларды жазып беру талап етілмейді.
Г.Шортанбаева,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
басқарма басшысы