- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 14.11.2018 11:53
Өзгертілген күні: 14.11.2018 12:06
Арнаулы салық режимдері
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға
сай келетін дара кәсіпкерлер қолданалады.
- Жалдамалы қызметкер еңбегін пайдаланбайтын;
- Салық кезеңіндегі табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 300 еселенген мөлшерінен (8 485 200 теңге) аспауы тиіс.
- Патент кемінде 1 ай мерзімге немесе 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі.
- Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
Патент құнын есептеу.
- Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығынан басқа) мен әлеуметтік төлемдердің төлеуге жататын сомалары қосылады.
- Қолма-қол саудадан басқа саладағы қызметті жүзеге асыратын салық салық салу тұлғаларын қоспағанда, патент құнына кіретін жеке табыс салығының сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі. Қолма-қол саудамен жұмыс жасайтын тұлғаларға 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлеме қолданылады.
-
Патент құнына кіретін әлеуметтік төлемдерді есептеу "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
- Патент құны жеке табыс салығына төленеді; (БСК-101202)
- Міндетті зейнетақы қорына ең төменгі жалақының 10% пайызынан кем емес жарна есептелінеді. (БСК-901101)
- Әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақының 3.5 % пайызынан кем емес жарна есептелінеді. ( БСК-902101)
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
Мынадай шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін:
o Дара кәсіпкерлердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 30 адамнан аспайтын болса;
o Салық кезеңі ішінде шекті табысы ең төменгі жалақының 2 044 еселенген мөлшерінен (57 812 496 теңгеден) аспайтын болса;
o Салық кезеңі жарты жылдық болып табылады.
- Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
-
Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.
Бұл ретте жеке (корпоративтік) табыс салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасын шегергендегі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде төленуге жатады.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі. - Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің бюджетке төленуге жататын сомалары көрсетіледі.