Жарияланған күні: 04.10.2016 18:23
Өзгертілген күні: 04.10.2016 18:25

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, азаматтардың тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғауын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында, ағымдағы жылғы 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында«Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының жарияланғанын хабарлайды!

Акция электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.Акцияға сатып алғантауар менкөрсетілген қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

      Ай сайын Департаментте жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді.  Финалдық ұтыс жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде, чекті кездейсоқ таңдау әдісімен өткізіледі.

      Сыйлықтарды, бас жүлде автокөлікті ұтып алуға қатысыңыз!

 

Қызылорда облысы бойынша

 мемлекеттік кірістер департаменті