Жарияланған күні: 07.10.2016 18:22
Өзгертілген күні: 10.10.2016 17:18

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «медициналық кеңес беру күні» өтті.№3 қалалық емханадан келген бригада қызметкерлерді скринингтік тексеруден өткізді. Бойы мен салмағын өлшетуден бастаған бұл зерттеу барысына қан қысымын өлшеу, қан құрамын анықтайтын лабораториялық қызмет, терапевт-дәрігердің кеңесі және жүрекке ЭКГ жасау кірді. Сонымен қатар, емхана жанындағы салауатты өмір салтын ұстану орталығының өкілдері бірнеше жадынама парақшалар таратты.

Қан қысымы және қан құрамында өзгерістер байқалған қызметкерлерге терапевт-дәрігер қолданатын медициналық препараттарды тағайындап, кеңес берді.

Бұл аса пайдалы күн болды, емхана дәрігерлеріне қызметтері мен ілтипаты үшін  Департамент қызметкерлері ризашылық білдірді

Дендеріңіз әрдайым сау болсын!

Қызылорда облысы бойынша МКД баспасөз қызметі