Жарияланған күні: 19.10.2016 12:39
Өзгертілген күні: 19.10.2016 12:42

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг бойынша комитеті қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы заңнаманы, сонымен қатар, хабарламаларды қабылдау бойынша түсіндіруге қатысты жұмысшы кездесуін өткізеді.

Кездесу 2016 жылғы 4 қарашада Қызылорда облысы бойынша Мемлекетттік кірістер департаментінде, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 64 «Г» мекен жайы бойынша өтеді. Басталуы сағат 10.00-де.

Қазақстан Республикасының 28 тамыз 2009 жылғы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының  3 бабының 1 тармағының 13-16 тармақшаларына сәйкес қаржылық мониторинг субъектілеріне:

- лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

 - ломбардтар;

 -  бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
 - жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жатады.

Заңның 3 бабының 3 тармағына сәйкес, қаржылық мониторингтің жоғарыда көрсетілген субъектілері «Рұхсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен қызметінің басталғаны және тоқтағаны туралы  Комитетке хабарлама жолдау қажет.

Анықтама телефоны:  8 701 974 97 53 Жұлдыз Еркімбаева