
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде республикалық «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының қазан айын қорытындылаған басқосу болып өтті.
Департамент басшысының орынбасары Қалдарбеков Мұса Оспанұлы акцияның барысына, қызылордалықтардың белсенділігіне, статистикалық көрсеткіштерге қысқаша тоқталды.
«Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы – ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен және «Атамекен» ҰКП қолдауымен, Қазақстан Республикасы аумағында 2016 жылдың 1 қазаны мен 15 желтоқсан аралығында өткізілетін жалпы республикалық іс-шара.
Акцияның негізгі мақсаты:
- азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық мәдениетін көтеру;
- Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушілерді және қоғамды бақылау-касса машиналарын пайдалану талап етілетіндігін ақпараттандыру;
- бақылау-касса машинаны қолдану арқылы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту;
- көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту;
- кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекені ынтыландыру.
Акция үш кезең бойынша өтеді:
- бірінші кезең облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалаларда;
- екінші кезең республикалық деңгейде.
Бұл Акцияның ерекшелігі - электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Акцияға тұтынушылар сатып алған тауар үшін, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберу арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.
2016 жылдың қазан айында облыс бойынша «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы 13748 чек жіберілген. Қазан айының жүлделерінің ұтысы мен оларды табыстауға комиссия мүшелері және 200-ден аса чек жолдаған белсенді қатысушылар қатарынан (бағдарламаның өзі анықтаған) 29 үміткер ұтыс ойынына шақырылды.
Автоматтандырылған бағдарлама арқылы кездейсоқ таңдаудан бірінші жүлде иесі болып 5889 нөмірлі чек иесі, Қызылорда қаласының тұрғыны Әбілова Жұмакүл танылды, жүлдесі – теледидар.
Екінші және үшінші орын үшін Сырдария ауданының тұрғындары: Обашканова Күміскүл (чек 5946) мен Мақанова Айгерімге (чек 5925) шаңсорғыш және қысқа толқынды пешті ұтып алды. Мұнан басқа үш белсенді қатысушыға Департамент басшысының Алғыс хаттары тапсырылды.
Акцияның бірінші кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаған Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұса Оспанұлы Қалдарбеков қатысушыларды белсенді болуға шақырды.
Финалдық ұтыс жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады.
Б.Орданова,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы