Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің» 598 бабының нормасына сәйкес, салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдары ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі - мәліметтер) алу үшін сұрау салуды беруге құқылы.
Мәлiметтер электрондық нысанда:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2) мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру белгіленген тұлғаларға – мұндай органның және (немесе) тұлғаның сауалы бойынша;
3) салық төлеушіге (салық агентіне) – салық төлеушінің (салық агентінің) сауалы бойынша береді.
Осы себепті, мәліметтер тек қана электрондық түрде беріледі, яғни уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылып, мәлiметтерге мемлекетік кірістер органының мөрімен куәландырылу және басшылардың қол қоюы қарастырылмайды.
Осы уақытқа дейін аталған мәліметтерді алу үшін операциялық күннің жабылуын, яғни күнтізбелік күн мен ақпараттық жүйедегі мәліметтер арасындағы синхронизациялау процедурасын күтуге тура келетін. Алайда, бүгінгі күнге, түрлі инстанцияларға қарызы жоқ туралы мәліметтерді ұсыну міндетін заңды түрде алынып тасталынды. Енді, қажет болған жағдайда мемлекеттік органның өзі электрондық сұрау жолдап, кірістер органының ресми сайтынан берешегі туралы ақпаратты алуына болады.
А.Тәжіғұлова,
Қызылорда облысы бойынша МКД-нің
Есеп және дербес шоттарды жүргізу
бөлімінің бас маманы