Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңыңын 5-бабы 2-тармағы 5-тармақшасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу тәртібін, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды айқындайды. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар құқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде олардың жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, уәкілетті органда тесттен өтеді (16-бап 2-тармақ).
Осы негізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №1 бұйрығымен «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыру жөнінде Жалпы ережелер» жасалды. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді. Тестілеуге Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматтары қатыса алады.
Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгіну арқылы өтініш тапсырады. Кандидаттар Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Мемлекеттік корпорацияда, уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған кандидатқа осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат беріледі. Тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
Әрі қарай Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау тестілеу нысанында жүргізіледі. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін жиырма минуттан кешіктірілмей жүргізіледі. Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге сертификат алған адамдар жіберіледі. Сертификат алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 27-тармағында белгіленген уақытта келмеген адамдар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 7-тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі. Кандидат осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен құқық қорғау қызметі лауазымының санаты бойынша өтеді. Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды беріледі. Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша берілген қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Айнұр Бажиева,
Қызылорда облысы бойынша МКД
бас маманы