Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жанынан «WhatsApp» мессенджерінде «ЭКО – ПАТРУЛЬ ҚЫЗЫЛОРДА» жобасы іске қосылды.
Жоба мақсаты – заманауи технологияны пайдалана отырып, облыс аумағының санитарлық тазалық жағдайына бақылау жасау және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін аймақтарды анықтау болып табылады. «WhatsApp» мессенджеріне келіп түскен ақпараттар тиісті құзырлы органдар назарына жеткізіліп, тиісті шаралар қолданылатын болады.
Өңіріміздің санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін аймақтары туралы ақпараттар (фото суреттер мен нақты мекен жайын) мен ұсыныстарды дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін +7 707 160 53 66 нөмірі арқылы жолдауға болады.
ТАЗА ӘРІ КӨРКЕЙГЕН ӨЛКЕДЕ ТҰРУЫМЫЗҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!!!