
03.05.2016 жылға тексеру іс-шараларының нәтижесімен мәлімет
15.04.2016 жылы Қызылорда облысы бойынша МКД ВББ тексеру іс-шараларының нәтижесінде №164300121000111 санымен материал сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімдемесіне ҚР ҚК 361 бабының 2 тармағына сәйкес (лауазымдық құзыреттілігін асыра пайдалану), Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы маманы кешенді салықтық тексеру кезінде өз қызметін пайдалана отырып, ЖШС-ке ҚҚС бойынша қосымша есептелген 2 037 602 теңгені бюджетке төлетпей, қылмыстық жауапкершіліктен босатып жіберген.
18.04.2016 жылы Қызылорда облысы бойынша МКД ВББ тексеру іс-шараларының нәтижесінде №164300121000112 санымен материал сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімдемесіне ҚР ҚК 361 бабының 2 тармағына сәйкес (лауазымдық құзыреттілігін асыра пайдалану), Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы маманы кешенді салықтық тексеру кезінде өз қызметін пайдалана отырып, ЖШС-ке ҚҚС бойынша қосымша есептелген 1 614 641 теңгені бюджетке төлетпей, қылмыстық жауапкершіліктен босатып жіберген.
20.04.2016 жылы Қызылорда облысы бойынша МКД ВББ тексеру іс-шараларының нәтижесінде №164300121000113 санымен материал сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімдемесіне ҚР ҚК 361 бабының 2 тармағына сәйкес (лауазымдық құзыреттілігін асыра пайдалану), Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары кешенді салықтық тексеру кезінде өз қызметін пайдалана отырып, ЖШС-ке ҚҚС бойынша қосымша есептелген 1 830 535 теңгені бюджетке төлетпей, қылмыстық жауапкершіліктен босатып жіберген.
Қылмыстық істер прокурор арқылы тергеу құзыреттілігі бойынша Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро департаментіне (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі) жолданды.
26.04.2016 ж. Қызылорда облысы бойынша МКД ВББ тексеру іс-шараларының нәтижесінде №164300121000121 санымен материал сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімдемесіне ҚР ҚК 371 бабының 1 тармағына (немқұрайлылық) сәйкес, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы бас маманы 28.02.2011 жылы салық төлеушінің тіркеу мәліметтерінде көрсетілген мекен-жайын тексеру кезінде салықтық тексеру актісіне жалған мәлімет енгізген, сол арқылы мемлекет мүддесіне нұқсан келтірген. Қылмыстық іс ҚР ҚПК 35 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, ҚР ҚК-нің 71 бабына сәйкес тоқтатылды (ақтауға келмейтін негіздер бойынша).
Қызылорда облысы бойынша МКД
Ішкі қауіпсіздік басқармасы