
Пара бермек болды
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен 13.05.2016ж. Департаменттің Ақпараттарды есепке алу кітабында мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғасына тексеру актісін жасау барысында анықталған бұзушылық мәселесінің оң шешілуі үшін пара бермек болған жеке кәсіпкерге қатысты ақпарат тіркелген.
16.05.2016ж. Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасы Жемқорлыққа қарсы тұру ұлттық бюросының департаменті қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Департамент ғимаратындағы қызметтік кабинеттердің бірінде лауазымды тұлғаға 10 000 теңге көлемінде пара бермек болған Т. деген азаматшаны ұстады. қазірге кезде тергеу жүргізілуде.
Қызылорда облысы бойынша МКД
Ішкі қауіпсіздік басқармасы