
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен, аванстық төлемдердің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) тәртібі
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 120-бабы 6-тармағына және 138-бабының 7-тармағына сәйкес төлеуші кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша алдағы міндеттемелер шотына кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдарды аванспен енгізуге құқылы.
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен қайтару (есепке жатқызу) мақсатында төлеуші төленген күнінен бастап бес жылдан кешіктірмейтін мерзімде салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кеден төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару жүргізуге салықтық өтінішпен кедендік декларациялау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру жүзеге асырылған, алдын ала шешім қабылданған мемлекеттік кірістер органының тіркеу орны бойынша орналасқан бенефициар мемлекеттік кірістер органына жүгінеді.
Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушінің сол бір төлем құжаты бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомаларын қайталап төлеуге әкеп соқтырған төлем құжатын қате орындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы банктің өтініші бойынша Салық кодексінің 601-бабына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасын қайтару жүргізеді.
Кодекстің 397-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, кері импорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты, егер көрсетілген тауарлар мұндай тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан кешіктірілмей кері импорттық кедендік режиміне орналастырылған болса, кедендік әкету баждарының сомасын қайтару (есепке жатқызу) жүргізіледі.
Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша берешектің өндіріп алынған сомасын қайтаруға төлеуші сотқа шағым жасаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы көрсетілген соманы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде төлеушінің шотына қайтаруды жүзеге асырады.
Злиха Шакетова,
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
бас маманы