Пара алды деген күдікпен
2016 жылдың 8 тамызында СЖҚҰБ Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда облысы бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен, Қызылорда қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары А.К., өз қызмет кабинетінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Сотқа дейінгі №164300131000079 материал Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 366 бабы 2 бөлігімен («пара алу») 17.06.2016ж. тіркелген.
2016 жылдың 15 тамызында Жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушісімен ҚР ҚК 216 бабы, 2 бөлігі, 2,4 тармақтарына қатысты сотқа дейінгі өндіріске №164300131000115 материал тіркелді, яғни Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ММ басшысының орынбасары А.К., қызмет бабын пайдаланып, алдын ала «Келешек-Б» ЖШС директоры Ж.Кожантаевамен, «Бексултан-Кызылорда» ЖШС директоры К.Тулегеновамен және азаматша Р.Байсакаловамен келісім бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыс, қызмет көрсету және тауарларды тиеу үшін шот-фактура жазған, мемлекетке төленбеген салықтар мен төлемдер бойынша 64 000 000 теңге залал келтірілген.
Қылмыстық іс Жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушісінің өндірісінде.
Қызылорда облысы бойынша МКД
Ішкі қауіпсіздік басқармасы