Дата публикации: 27.04.2020 17:36
Дата изменения: 27.04.2020 17:36

Біз, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы салық саласының майталманы, әріптесіміз Таубай Бекболатұлының 58 жасында дүниеден өтуі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадық. Т.Сүлейменов салық саласына еңбегін сіңірген бірегей тұлға. Алдыңғы буын ағамыздың үлгі-өнегесі, салмақты мінезінің ерекшелігі кейінгі ұрпаққа - өнеге.

Осындай ауыр сәтте, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы әріптесіміз Бағланға әкесінің қайтыс  болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Марқұм Таубай ағамыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқығай.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

ұжымы