Дата публикации: 23.01.2020 16:00
Дата изменения: 23.01.2020 16:00

«Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  ҚР Заңына енгізілген өзгерістер  бизнесті, жұмыс орындарын, салық төленетін базаны мүмкіндігінше сақтап қалуға, оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

           Енгізілген өзгерістерге сәйкес, оңалту рәсімін қолдану үшін ақшалай міндеттемелердің мөлшеріне және олардың орындалмау ұзақтығына талап қойылмайды. Яғни, кредиторлық қарызы 150 айлықтық есептік көрсеткіштен асып, осы міндеттеме  4 ай мерзім бойы орындалмауы туралы Заңның 5-бабының  күші жойылды.

Сондай-ақ,оңалту рәсімін қолдануға жеке кәсіпкерлер де мүмкіндік алып отыр. Оңалту рәсімін қолданған салық төлеушілерге мемлекеттік сатып алуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысуға ешқандай кедергі келтірмейді.

 Ал, банкроттық туралы іс қозғау үшін кәсіпкерлік субъектісіне активтердің алдындағы міндеттемелердің тұрақты асып кетуі туралы мәліметтер жеткілікті, бұл оның тұрақты төлем қабілетсіздігін дәлелдейді.

Заңның негізгі бағыттарының бірі банкроттық рәсімін жүргізу мерзімдерін қысқарту болып табылады, бұл оны жүргізу шығындарын азайтады және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру деңгейін  арттырады. Бұл үшін Заң кредиторлар жиналысының кейбір өкілеттіктерін кредиторлар комитетіне беруді көздейді, өз кезегінде кредиторлар комитеті жиналыстың өкілдік органы болып табылады және оны шақыру рәсімі жеңіл.

Заңның қағидаларымен кепілді кредитор мен «әлеуметтік» бағыттағы кредиторлар мүдделерінің теңгерімі қамтамасыз етілді.

            Кепілді кредитор бір жұмыскерге үш ең төменгі жалақыдан аспайтын көлемде еңбек ақы бойынша талаптарды өтегеннен кейін ғана кепіл мүлкін өз талаптарын қанағаттандыру есебіне алуға құқылы. 
            Міндеттемелерді орындаудан жалтару әдісі ретінде банкроттықты қолданатын жеке тұлғалардың жауапкершілігін күшейту үшін «Әдейі банкроттық» қылмысының (құқық бұзушылығының) құрамы нақтыланды.Атап айтқанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында жеке мүдделері үшін мүлікті иеліктен шығару және жасыру түріндегі құрылтайшылар мен банкроттың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне баса назар аударылды.

Одан басқа, оңалтуды және банкроттықты жүзеге асыру бойынша қызметтің сапасын жақсарту мақсатында кәсіпқой бухгалтерлерге біліктілік емтиханын тапсырмай әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы берілді.