Дата публикации: 09.06.2017 18:07
Дата изменения: 09.06.2017 18:07

         Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Бухгалтерлік клуб отырысында  салық төлеушілер үшін салық саласындағы жаңа өзгерістерге қатысты түсіндіру шаралары өткізілді. Департамент қызметкерлері Айтбаев Қуаныш, Қарымсақова Гүлсара, Қоспанбетов Асқарбек семинарларға қатысып,мазмұнды баяндамалар жасады.

         Заңнамалық құжаттар  қарастырған жаңа талаптарды спикерлер әрбір бағыт бойынша қысқаша сипаттап берді. Атап айтқанда, акциз саласындағы өзгерістер, оның ішінде, ілеспе құжаттар, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері акцизы бойынша өзгерістер, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзгерістер, дауларды сотқа дейінгі реттеу және алдын-ала тексеру актісіне қарсылық білдірулерді қарау жайы түсіндірілді.

          Спикерлер қатысушылар тарапынан  қойылған сұрақтарға жауап берді. 3 тақырыпта дайындалған жаңа заңнамаға сәйкес слайдтар көрсетілді.

С.Қазбекова

Түсіндіру жұмыстары басқармасы