ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 "Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" қаулысына сәйкес темекі бұйымдарын міндетті түрде таңбалауға 2020 жылғы 1 қазаннан бастап құрамында темекі бар фильтрлі өзге де сигареттер жатады.
Сонымен бірге темекі өнімдерінің қалдықтарын таңбалау көзделмеген. "Темекі өнімдерін таңбалау қағидаларын бекіту туралы" Қаржы министрі бұйрығының жобасына сәйкес темекі өнімдерінің қалдықтарын жыл бойы 2021 жылғы 1 қазанға дейін фильтрлі сигареттерді және 2022 жылы 1 сәуірге дейін темекі өнімдерінің өзге де түрлерін өткізуге болады.
I-кезең. 01.10.2020 жыл. Темекі бұйымдарын міндетті таңбалауды іске қосу және оларды бөлшек саудада өткізу кезінде айналымнан шығару.
Бірінші кезеңнің қатысушылары өнімге эмиссияны және таңбалау кодтарын енгізуді жүзеге асыратын темекі өнімдерін өндірушілер/ импорттаушылар, сондай-ақ бақылау-касса машинасының көмегімен темекі өнімдерін сатуды жүргізетін бөлшек сауда буыны болады. Бұл ретте құжаттармен жұмыс істеу функционалы (қабылдау /беру актісі, хабарлама) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы ақпараттық жүйесінің Web-қосымшасында қолжетімді болады және айналымның барлық қатысушылары ерікті негізде пайдалана алады.Темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер markirovka.gov.kz сілтемеге өту арқылы тіркеле алады. Ол үшін ЭЦҚ болса жеткілікті.
Сондай-ақ, таңбаланған өнімді тегін мобильді қосымшаның көмегімен шығаруға болады.Webkassa, Rekassa
Таңбаланған темекі өнімдерін өткізу және есептен шығару үшін Data Matrix кодын оқитын 2D сканерді орнату қажет.
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кіріс департаментінің
Жаңама салықтарды
әкімшілендіру басқармасы