Дата публикации: 25.05.2020 10:59
Дата изменения: 25.05.2020 10:59

Құрметті әріптестер! Баршаңызды күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша қастерлі мейрам-Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ораза айт- адалдық, ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы. Бұл мереке бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке ие болатын кезі.Шуақты Ораза айт мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға аманшылық пен шаттық тілеймін. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш болып, бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақ-бірлігі берік болғай! Аман-есен айттан айтқа жете берейік!