Дата публикации: 29.05.2020 13:00
Дата изменения: 29.05.2020 15:50

Қазіргі таңда қызметтің кедендік саласы бірқатар концептуалдық өзгерістерді басынан кешіруде.

            2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі (әрі қарай - Кодекс) күшіне енді.Аталған кодекс тауарлардың қағаздық декларациялануынан электрондық жүйеге өтуіне, кедендік операциялардың оңайлатылуына, мемлекеттік кірістер органдары мамандары мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар және кеденмаңы саласының өкілдері арасындағы жақын байланысты азайтуға көшуге бағытталған.

            2018 жылдың 1 сәуірінен «АСТАНА - 1» кедендік-салықтық ақпараттық жүйесі пайдалануға берілді. Кедендік және салықтық әкімшілендіруді автоматтандыру жүйесі сауданы оңайлатуға бағытталған – бұл біртұтас тіркеу, тауарларды әкелу сәтінен бастап соңғы өткізілімге дейін зерттеп-қаралады, СЭҚ қатысушылары үшінкедендік ақпараттарға электронды ену мүмкіндігін жеңілдетеді, транзит, экспорт, импорт және т.б. процедураларды оңайлатады, ЕАЭО елдерінің кедендің қызметтерімен жедел ақпарат алмасу және қағазсыз декларациялау.

            Көрсетілген жаңа енгізілімдер тауарларды кедендік декларациялау және олардың кедендік процедураларға (посткедендік бақылау) сәйкес шығарылыман соңғы бақылау кезінде сыбайластық тәуекелін барынша азайта отырып, халықаралық сауданы жеңілдетеді.       

            Посткедендік бақылауды жүзеге асыру барысында сыбайластықты жасау тәуекелін азайту қалай іске асатынын қарастырайық.

            1.Жаңа Кодекстің талаптарын және «АСТАНА - 1» ақпараттық жүйесінің қызметтік мүмкіндіктерін қолдана отырып посткедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде,тауарларды кедендік декларациялау және посткедендік бақылау, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен кеденмаңы саласының өкілдерінен ақпарат жинау, қызметіне талдау, байланыссыз нысанда өткізілуіне, олардың тарифтік және тарифтік емес реттеуді орындаудағы «заңға мойынсұнушылықтары», сонымен қатар, салықтық заңдылықтардың сақталуы кезінде тәуекелдерді басқарудың автоматты жүйесін қолдануға негізгі басымдылық берілген. Егер көрсетілген жұмыс кезінде, талданып отырған тұлға заңмен еш мәселесі жоқ болса, онда оның қызметінің кедендік тексеруге ілігу ықтималдылығы барынша азайтылады.

            2. Егер  «Қазақстан  Республикасындағы кеден ісі туралы» ескі кодекстекамералдық кедендік тексерулер уәкілетті лауазымды тұлғаның еркімен және оның аяқталу мерзімінсіз тағайындалатын болса, ал жаңа Кодексте бұндай тексеруді тағайындау үшін мемлекеттік кірістер органы басшысының немесебасшы орынбасарының міндетті рұқсатын алу талап етіледі. Бұнымен қоса, камералды кедендік тексеру емрзімі 6 айдан аспауы қажет және оның нәтижесін міндетті түрде тексерілетін тұлғаға хабарламамен жолдануы тиіс (Кодекстің 417- бабы).

            3. Көшпелі кедендік тексерулердітағайындаутауарларды кедендік декларациялау кезіндетәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің кеңестерімен қоса, тексерілетін тұлға қызметі туралы жинақталған ақпараттарға жүргізілген талдау нәтижелерін және мемлекеттік және құқыққорғау органдарынан алынған басқа да ақпараттардың нәтижелерімен тек ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің келісімінен кейін тағайындауға рұқсат етіледі. ( Кодекстің 418-бабы, ҚР ҚМ МКК  23.02.2016 жылғы бұйрығы).

            4. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарын көшпелі кедендік тексерулер аяқтаудан он күн бұрын, егер кедендік заңнамадан қателіктер орын алған жағдайда мемлекеттік кірістер органы тексерілетін тұлғаны көрсетілген тексерудің алдын-ала тексеру актісімен таныстыруға міндетті (Кодекстің 418-бабы, ҚР ҚМ 23.01.2018 жылғы №45 бұйрығы «Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттарын бекіту туралы»). Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексерудің алдын-ала актісіне жазбаша қарсылық білдіруге құқылы.

            5. Камералды және көшпелі тексерулердің актілерін тексерілеін тұлғаға жолдамас бұрын, акт тексеруді тағайындаған  мемлекеттік кірістер органының комиссия отырысында қаралады. (ҚР ҚМ МКК-нің  28.09.2017ж. №КГД-11-3/24661-И нұсқамасы). Тарифтік реттеу, борыштармен жұмыс, кедендік бақылау, посткедендік бақылау өкілдерінен тұратын комиссияны мемлекеттік кірістер органы басшысының орынбасары басқарады.

            6. Тексерілетін тұлға камералды және көшпелі кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктердің хабарламасын жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінде қарауына міндетті түрде жоғарыда аталған шағымдар келіп түсетін апелляцияларды қарастыру бойынша Департамент қызмет етеді. Әрбір өтінішті құрамына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Апелляция департаментінің, Заң департаментінің, Кедендік және салықтық бақылау департаменттерінің өкілдері кіретін Апелляциялық комиссия қарастырады.

Яғни, заңдылықпен және сәйкес қолданбалы бағдарламаларменпосткедендік бақылауды жүргізуде шешім қабылдау кезінде  адам факторының әсерін азайтуға дейін мүмкіндік беретін шаралар мен іс-шаралардың тұтас кешені қарастырылған. Бұл сыртқы экономикалық қызметте сыбайластықты түбегейлі жою бойынша тапсырмаларды жүзеге асыру кезінде сәтті әдістердің бірі болып табылады.

 

 

 

                                      Р.Бисенбаев

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

Пост-кедендік бақылау бөлімінің басшысы