Дата публикации: 04.07.2016 17:59
Дата изменения: 04.07.2016 18:00

Әріптесті зейнетке шығарып салды

 

       Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы департамент қызметкері Мырзаханов Серік Мырзаханұлын құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

        Серік Мырзаханұлы 25 жылдан астам салық органдарында  қызмет жасайды,  жалпы қаржы  саласына еңбек тәжірибесінің 40 жылын арнаған.

              Департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев әріптестің қызметтегі табыстарына  тоқталды. С.Мырзахановқа ҚР ҚМ МКК төрағасының Құрмет грамотасын табыс етті.  Департаменттің Құттықтау хатымен бірге бір лауазымдық жалақы көлемінде сыйақымен марапаттады.

       

      Дәстүрлі шапан жабудан соң әріптестер лебіз білдірді. Борыштармен жұмыс басқармасының басшысы Б.Ақжігіт, Қызылорда қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары Қ.Әбдреев Серік Мырзаханұлының жоғары жауапкершілік сезімін, ұқыптылығын атап өтті. Кәсіподақ комитетінің төрайымы Мария Искакова  облыстық кәсіподақтар ұйымының Құрмет грамотасын және ақшалай сыйлық тапсырды.

         Салтанат соңында Серік Мырзаханұлы әріптестеріне алғыс сезімін білдірді.