Дата публикации: 23.11.2020 17:05
Дата изменения: 23.11.2020 17:05

Үшкомпонентті интеграцияланған жүйе мәселесі бойынша (бұдан әрі - ҮИЖ) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің  1  бабының 1-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес,  ҮИЖ деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе  болып табылады. ҮИЖ және оны есепке алу талаптары, орнату және қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген.

ҮИЖ - бұл өзара байланысқан үш құрылғыдан тұратын жүйе. Олар:  

- онлайн-БКМ;

- қолма-қол ақысыз төлем жасауға арналған жүйе немесе құрылғы;

- тауар тіркейтін автоматтандырылған жүйе.

      Жүйе дұрыс жұмыс жасауы үшін үш құрылғы өзара байланыста болуы қажет. Осылайша, бір операция арасында (транзакция) орындау, фискализация (фискальды чек беру) және тауар-материалды қорларды шығару жүзеге асады. Егер үш құрамды жүйе бір-бірімен біріктірілмеген болса, онда ол  үш құрамдасты (компонентті) интеграцияланған жүйе болып саналмайды.        

          ҮИЖ негізгі 4 талапқа жауап беруі тиіс:

- салықтық есепке алу модулінің болуы;

- тауар қозғалысын тіркеу модулінің болуы;

- қызметкерлер үшін жалақы модулінің болуы;

- электронды салық есебін құрайтын элементтерінің болуы.

Жүйе моделі ҮИЖ-нің бірыңғай тізіліміне енгізіледі және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жарияланады.

2020 жылғы 29 қазаннан бастап салық төлеушінің кабинетінде ҮИЖ-ді электрондық түрде есепке қоюға/өзгертуге/есептен шығаруға салықтық өтініш беру бөлігінде жаңарту орнатылған.

                                                           

                                                                      Қызылорда облысы бойынша

                                                                                        Мемлекеттік кірістер департаментінің

                                                                                        Мемлекеттік қызмет көрсету  басқармасы