Дата публикации: 21.05.2018 11:45
Дата изменения: 21.05.2018 11:45

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының талаптарын бұзуы тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодекс нормаларының негізгі талаптары бойынша,  Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жоғары стандарттарға және адамгершілік-әдеп қағидаттарына сәйкестігі бойынша моральдық-этикалық бейнесіне ерекше талаптар қойылып отыр. 

Мемлекеттік қызметшілер  адал, әділ, қарапайым болғаны, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау керектігі, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы, қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттырып отыруы, жұмыс уақытын тиімді пайдалану және басқа мемлекеттік қызметшілерге ұжымда өз еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерді жасамау, өздерінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға тиіс делінген.

Сондай-ақ, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануы тиіс.

Бүгінгі күні әлеуметтік желілер көпшілік арасында халықтың мүддесін білдіретін белсенді алаң болып табылатындығына, сондықтан желілерде көрсетілген барлық жағымсыз фактілер, мемлекеттік қызмет имиджіне теріс әсер етеді және тұтастай халықтың мемлекеттік қызмет институтына сенімін жоғалтады.

Әдеп нормаларын өрескел бұзған жағдайда, бұзуға жол берген қызметшілер мен оның тікелей басшыларына тәртіптік жазалау шаралары  қолданылады.

Сондықтан бұл тұрғыда әрбір қызметкер өзінің жасайтын іс-әрекеттерін ойлана отырып жасауы тиіс.

 

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті         

                                           Адам ресурстары басқармасының 

бас маманы  А.Бажиева