Date of publication: 21.09.2016 16:40
Date of changing: 21.09.2016 16:49

Департамент басшысы брифинг берді

 

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев журналистер үшін брифинг берді.

Департамент басшысы  үстіміздегі жылдың 8 айының қорытындысымен облыстағы мемлекеттік кірістер органдарының қызмет нәтижесін баяндады. Сонымен қатар, Елбасының «100 қадам: Ұлт жоспары» бағдарламасында белгіленген салық және кеден саясатын жетілдіруге бағытталған қадамдардың орындалуы бойынша ақпарат берді.

Үстіміздегі жылдың 8 айында департамент мемлекеттік бюджетке 59 млрд. 560 млн. салықтар мен төлемдердің түсімін қамтамасыз етті. Жоспар 120,3% орындалды. 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,8 млрд.теңгеге немесе 24,8% өсім бар. Оның ішінде, республикалық бюджеттің орындалуы 129,3% және жергілікті бюджеттің орындалуы 111,5%. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің дұрыс ұйымдастырылуы  мен қарқынды жүргізілуі нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 5,5 млрд. теңге көлемінде қосымша түсім түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге жоғары көрсеткіш. Салықтық тексерулер қорытындысымен (103 кешенді, 176 тақырыптық тексерулер) 20 279 млн. теңге қосымша есептелген. Камералдық бақылау нәтижесімен өндірілген сома 2 838,3 млн.теңгені құрады. Құзыретті органдармен бірлесіп жасалған жұмыстар нәтижесінде 1 665 жеке тұлға дара кәспкер ретінде тіркелді, олардың 182-сі пәтерді жалға берушілер, 457-сі такси қызметімен айналысушылар, 150-і жүк тасымалдаушылар, 41-і автокөлік жөндеумен шұғылданушылар, 835-і базарда жұмыс жасайтындар.

        Мұнан басқа, Департамент басшысы салық және кеден саясатын әкімшілендіру бағытындағы, мемлекеттік қызмет көрсету көлемі және сапасы бойынша, мүлікті жария ету науқанының жүргізілу нәтижесі жайында мәліметтер берді. Сонымен қатар, экономикалық қылмыстармен күрес бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін баяндады. Жыл басынан бері Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде 312 сотқа  дейінгі тергеу істері болды, олардың 8 айда 213-і аяқталып, 136-сы сотқа жолданды. Анықталған залал сомасы 16,4 млрд. теңге болған, оның 12,8 млрд. теңгесі (78,6%) қалпына келтірілді, 17,9 млн. теңгенің мүлкіне арест қойылды. Жалған кәсіпкерлікпен күрес саласында 8 айда 37 қылмыстық іс сотқа жолданды, олардың қызметі арқылы келтірілген залал көлемі 3,4 млрд.теңге. Екі ұйымдастырылған қылмыстық топтар құрықталған. Бірнеше жалған кәсіпорындар құру арқылы мемлекетке 1,8 млрд.теңге залал келтірген осы топтардың 20 мүшесі сотқа берілді. 

Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 4 қылмыстық іс сотқа жолданды. Заңсыз айналымнан 10 млн.теңге тұратын 94 тоннадан аса мұнай мен мұнай өнімдері алынды. Айыпты адамдар сотқа тартылып, тауарлар тәркіленді.

Облыстағы мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы сұхбат кешкі эфирде «Өзекжарды» бағдарламасында жалғасты. Департамент басшысы  Серік Мұстафаев телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар Департамент құзыретіндегі бірқатар бағыттарды қамтыды. Оның ішінде кәсіпкерлердің тіркелу және есептіліктерін тапсыру тәртібінен бастап, қаржы саласындағы қыдмыстармен күрес туралы, кадрлармен жұмыс туралы, мемлекеттік кірістер органдарына қызметке қалай келуге болатыны туралы сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға эфир арқылы жауап беріліп, кең түсініктеме жасалды.

 

Қызылорда облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыстары басқармасы