Date of publication: 04.10.2016 16:22
Date of changing: 04.10.2016 16:31

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде басшы лауазымдағы мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-тренинг өтті.

Облыстық біліктілік арттыру өңірлік орталығынан маманы Оспанова Гүлнар Өтепбергенқызы «Мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары мен моральдық-психологиялық ахуалды сақтау» тақырыбында қызықты тренинг өткізді.

Департамент басшысы Серік Мұстафаев кіріспе сөзінде адамдарды басқару, ұжымның жұмысын тиімді ұйымдастыру, уақытты ұтымды пайдалану туралы пікір білдірді және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаппен қатар, оларға жасалатын жағдайдың да маңыздылығына тоқталды. 

Тарих ғылымдарының кандидаты Гүлнар Өтепбергенқызы психологиялық тест түрінде бірнеше жаттығулар өткізіп, ситуациялық тапсырмалар берді. Сонымен қатар, зерттеуші Р.Крачевскийдің қызмет бабында қиындық туындауының себептерін талдап, қатысушылармен пікір бөлісті. Кикілжіңдер мен келіспеушіліктердің алдын алу, оны басқару және шешудің ықтималды жолдары атап өтілді.Іс-шара пікір алмасулармен,  психология тұрғыдағы нақыл сөздер,пайдалы кеңестер, резюмелермен толықтырылды.

Қызылорда облысы бойынша МКД-нің

баспасөз қызметі