Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болып қабылдануына байланысты, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы Хаттамаға қол қойылды, сонымен қатар ілеспе құжаттарды растау рәсімін жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының өз-ара іс-қимыл Регламенті бекітілген.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 Шешімімен төмендетілген кедендік баж ставкасы қолданылатын тауарлар Тізбесі бекітілді.Аталған Тізбе kgd.gov.kz. сайтында орналастырылған.
2015 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы заңымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы» Хаттамасына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерімен және ҚР салық заңнамаларымен ЭШФ жазу міндеттілігі ескерілген жағдайда, ҚР Салық кодексінің 256,263 және264 баптарымен белгіленген тәртіпке және аталған Ережеге сәйкес,салық төлеуші ҚР ҚМ 09.02.2015 ж. №77 бұйрығының 4-1 бабына сәйкес ЭШФ жазады.
Алып қою тауарларын сатып алып, әрі қарай сатқан жағдайда Сізге міндетті түрде электрондық–шот фактура ақпарат жүйесіне тіркеліп, электрондық шот-фактура жазу қажет.
Электрондық шот-фактура жазу тәртібін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 280-1-ші бабына сәйкес қағаз жүзінде көрсетілген шот-фактурадағы ҚҚС сомасының 30% бен 80% аралығындағы мөлшерде айыппұлдар қарастырылған.
Әкелім кеден баждарының біріңғай кедендік мөлшерлемелері бойынша төленген кедендік тазартуынан өткен алып қою тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына шығарар кезде, салық төлеуші тауарға ілеспе құжат ретіндекуәландыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына өтінішті және оған қосымша электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін табыс ету қажет.
Сонымен қатар:
1) үшінші елдерден осыған дейін импортталған тауарларға – тауарлар декларациясының көшірмесі;2) ЕАЭО елдерінен осыған дейін импортталған тауарларға – әкелу туралы өтінішін және ҚР салық заңнамасымен белгіленген 328.00-нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініші; 3) Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларға - CТ-1 нысаны (Ұлттық кәсіпкерлер Палатысымен берілетін тауарлардың шығарылған жері туралы сертификат).
Аталған тауарларды ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына шығарар кезде мемлекеттік кірістер органында расталған тиісті құжаттардың көшірмелері болуы тиіс.
Әкелiм кеден баждарының төмендетiлген мөлшерлемелерi бойынша төленген тауарлар кеден тазартуынан өткеннен кейін шартты түрде шығарылған тауарлар болып есептеледі және ЕАЭО мүше мемлекеттерге шығаруға тыйым салынған.
Аталған талаптарды орындамаған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әкімшілік және басқа да жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.
Мадина Сырғабаева,
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
бас маманы