Date of publication: 21.10.2016 18:52
Date of changing: 21.10.2016 18:54

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

Баспасөз релизі

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы базасында мемлекеттік жоспарлау, салық базасын нығайту және қаржыландыру жоспарлары мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Оқу 2016 жылғы 17-нен 21-і қазан аралығында теориялық және практикалық сабақтар, пікірсайыстар түрінде болды.

Семинардың мақсаты – қызметкерлердің Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер бойынша білімдерін арттыру.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға куәлік табысталды.

Қызылорда облысы бойынша МКД