Алкоголь өнімдерін өткізу бойынша лицензия үшін жыл сайынғы төлемді 20-шы шілдеге дейін төлеу қажет екендігін жеткіземіз.
Лицензиялық алым мөлшері бөлшек саудада сату үшін ауылдық округтерде- 30, кенттереде – 70, қалада - 100 айлық есепті көрсеткіш және көтерме саудада өткізу үшін 200 айлық есепті көрсеткіш белгіленген.
Және де, алкоголь өнімінін көтерме және бөлшек саудада өткізуді ағымдағы жылы тоқтатқан жағдайда лицензия күшін 31.12.2016 жылға дейін жою қажет. Лицензия күшін жоймаған жағдайда лицензиялық алымды төлеу міндеттемесі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, төлеу мерзімі 20 шілдеге дейін орындалу қажет екендігін жеткіземіз.
Осыған орай, қолда лицензия болып соған қарамастан нақты жұмыс жасамау лицензиялық алымды төлеуден босатпайды.
Жоғарыдағыны айта келе, мерзімінде және төлығымен төлемеген жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын хабарлаймыз.
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті