Date of publication: 30.11.2016 15:53
Date of changing: 30.11.2016 15:57

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі салтанатты атап өтілді.

Департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев  кіріспе сөзінде Тәуелсіз Қазақстан мен Президент Назарбаев ұғымының егіздігін негізге алды.

Мұнан соң Қарлыханов Ардақ Төреханұлы «Бірінші желтоқсан – мәңгілік ел тарихының бастау алған күн» тақырыбында баяндама жасады. Бірнеше қызметкерлерге қызметтегі жетістіктері үшін марапаттар тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамотасымен Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Тимурлан Бекдуллаұлы Садуақасов марапатталды. Департаменттің Құрмет  грамотасымен бөлім басшылары   Жүнісова Ақрай, Есенова Гүлзира, бас мамандар Оспанова Шолпан, Әріпбекұлы Бақытжан, Сматов Еркін, Мурзабаева Оразкүлдің еңбегі еленді. Департамент басшысының «Алғыс хатына» бас мамандар Бұйраева Индира, Тайғараев Жантөре, Балабатыров Батыржан, Анарбаев Бақтияр, Құлтанов Ардақ, Айтенова  Ақзереп ие болды.

        Әріптестерімізді құттықтаймыз!

        

Түсіндіру жұмыстары басқармасы