Date of publication: 06.02.2017 15:00
Date of changing: 07.02.2017 11:38

      Кедендік әкімшілендіруді жетілдірудегі өзекті мәселенің бірі тауарларға арналған декларацияны ұсыну кезінде адам факторын болдырмауға мүмкіндік беретін электронды декларациялауды енгізу. Электронды декларациялау жүйесін жүзеге асыру үшін кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің біріктірілген кеден компонентін ендіру туралы шешім қабылданды. Бұл ақпараттық жүйе (АСТАНА-1 АЖ) Бүкіләлемдік сауда ұйымына нормаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес, 90-нан астам елдерде белсенді қолданылатын ASYCUDA бағдарламасы негізінде жасалған.

       2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың маусымы аралығында АСТАНА-1 бағдарламасын электронды декларациялаудың толық кезеңін (алдын ала кедендік амалдар мен тауарды босатқанға дейін) Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппаратында жасау және орнату жұмыстары жүргізілді.

       2016 жылдың шілдесінен бастап Астана, Алматы қалалары және Алматы, Қарағанды облыстар бойынша МКД базасында қанатқақты сынақтар басталды.

       Басқа аумақтарда осындай сынақ бастамалар 2017 жылдың қаңтарынан жүргізілуде. 2017 жылдың 15 наурызынан бастап жобаның Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде басталуы жоспарлануда, ал 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап «АСТАНА-1» АЖ-нің өндірістік енгізілуі қарастырылып отыр.

       Осы орайда, ресімдеу амалдарын және ресімдеу барысында құжаттарды ұсынуды зерттеу және оқыту мақсатында, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғаларды және кеден өкілдерін өз ықтиярымен «қанатқақты бағдарламаға» (пилоттық бағдарлама) қатысуға шақырамыз.

        Барлық сұрақтар бойынша Қызылорда облысы бойынша МКД «Қызылорда-КРО» кеден бекетіне, Тасбөгет кенті, Ш.Есенов көшесі, 16 мекен жайы бойынша  хабарласуға болады. Телефоны: 21-54-65 (ішкі 129).

 

Кедендік бақылау басқармасы