Date of publication: 20.02.2017 11:15
Date of changing: 20.02.2017 11:16

            

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты, шетелдік көздерден түсетін қаржыны мониторингтеу және оларға салықтық бақылау жүргізуді көздейтін өзгерістерді таныстыруға арналған «дөңгелек стол» өтті.

         Бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі болып отырған – шет елден түсетін қаржы көздерін мониторингтеуді талқылауға арналған диалогқа  облыстың бірнеше қоғамдық бірлестіктері мен қоғамдық қорларының және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

          Департамент басшысының орынбасары Мұса Оспанұлы Қалдарбеков мемлекеттік қауіпсіздігі үшін қабылданған жаңа ережелердің маңыздылығын атап өтті.

          Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бөлім басшысы Гүлсара Қарымсақова үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық қорлардың, коммерциялық емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің шет елден қаражат немесе мүлік алған жағдайда пайда болатын салықтық міндеттемелері туралы түсіндірді.  Жаңа хабарлама мен есеп нысандары таратылды.

          Хабарламаны шет ел көзінен қаражат немесе мүлік алуға келісім шартқа отырған тұлғалар ұсынуы тиіс, егер олар төмендегі қызмет түрлеріне бағытталса:

-         заңдық көмек көрсету, оның ішінде құқықтық ақпараттандыру, ұйымдар мен азаматтардың мүдделерін қорғау, оларға кеңес беру;

-         қоғамдық пікір бойынша және әлеуметтік сұраулар жүргізу, зерттеу;

-         ақпарат жинау, талдау және тарату.

Мамандар қатысушылар сұрақтарына жауап берді. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары жалғасын табатын болады.

 

Б.Орданова

Түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы