Date of publication: 29.04.2015 10:38
Date of changing: 29.04.2015 11:06

       

2015 жылдың  21-сәуірінде  2015 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті брифинг өткізді.    

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев    2015 жылдың 21 сәуірінде 2015 жылдың 1-тоқсаныны  қорытындысы бойынша  Шығармашылық үйінің конференц залында  баспасөз маслихатына қатысып, атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасады.  

Мемлекеттік бюджеттің болжамы 2015 жылдың 1-тоқсанында  15 млрд. 058 млн.теңге болып белгіленсе, түсім 17 млрд 592 млн.тенгені құрап, болжам 116,8%-ға  орындалып, 2,5млрд теңге артық түсуі қамтамасыз етілді, оның ішінде республикалық бюджет 102 пайызға, ал жергілікті бюджет  133,2 пайызға орындалды. Облыс бойынша барлық мемлекеттік кіріс басқармалары жергілікті бюджет бойынша   белгіленген болжамды орындап шықты.  Жалпы, осы есепті кезеңде шоғырландырылған бюджетке салықтар мен төлемдер жиынтығы 55,1 млрд.теңге түсті.

     

        Есепті кезеңде барлығы 41 кешенді және тақырыптық тексерулер нәтижесімен бюджетке 6,8 млрд.теңге көлемінде қосымша салықтар мен төлемдер есептелді,оның ішінде, салықтар мен төлемдер сомасы 4,9млрд теңге болса, өсімпұлдары сомасы 1,9 млрд теңгені құрап отыр.Бюджетке өндірілгені 653,0 мың теңге,қалған сомалардың төлену мерзімдері бар. Өткен жылдың осы мерзімінде 180 кешенді және тақырыптық тексерулер болған немесе тексерулер саны 4,4 есеге азайғандығы байқалады. Жыл басындағы өткізілген брифингте  Мемлекеттік қызметтерді жандандырумен қатар бақылаудың әдістері мен амалдары да өзгереді. Ең алдымен, бұл жоспарлы тексерулерді алып тастап, Тәуекелдерді басқару жүйесіне қатысты. Бұл жүйеде біріктірілген ведомстволар қызметтерін қолдану мүмкіндігін кеңейту есебінен тексерулер саны азаяды,- деп айтылған сөздердің дәлелі екенін білдіріп отырмыз.

        Камералдық бақылау жасау жұмыстарының нәтижесінде салық төлеушілерден 509 хабарлама 3,0 млрд теңгеге қалыптастырылып, 55 хабарламадан 128,6 млн. теңге өндірілді, 106 хабарламадан 427 368,0 мың теңгеге расталмады, қалған 348 хабарламадан 2,4 млрд теңгеге орындалу мерзімі келмеген.

2015 жылдың 1 сәуіріне облыс бойынша салықтар мен төлемдер бойынша бюджетке бересінің көлемі –14 178,9 млн теңгені құрады. Бересі 2015 жылдың басымен салыстырғанда – 3 535,5 млн теңгеге азайды немесе 20,0 пайыз.

Қала және аудандар бойынша  МКБ 1-тоқсанда салық берешектерімен 551,6 млн. теңге нақты ақшалай өндірілді. Тоқсан ішінде банкроттыққа 760,4 млн.теңге бересісі бар 46 СТ арызы сотқа жолданса, оның 9 СТ өздері сотқа жүгінген. Осыдан 31 СТ(374,1) Банкрот- деп тану жөнінде  сот шешімдері шықты.  

Өкілетті органдармен бірге жүргізілген және салық салу базасын ұлғайту жұмыстары негізінде жыл бойында жолаушыларды маршруттық автобустарда тасымалдаумен айналысатын 58 жеке тұлға,  144 такси жүргізушілері, 24 ауыр жүк тасымалымен айналысатындар,  пәтерлерді жалға берумен айналысатындар, құрылыс жұмыстарын орындайтындар, медициналық қызмет көрсетумен айналысатындар және басқа да қызмет түрлері бойынша   қосымша есепке тұрғызу үшін тартылды. Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен  2015 жылдың 23 қаңтарында өткен жиналыста ҚР «Еңбек көшіп келуші» ҚР заңына сәйкес шетелдік азаматтардан салық өндіру сапасын жақсарту туралы берген тапсырманы жүзеге асыру бағытында бірлесіп атқаратын іс-шаралар жоспары негізінде, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасы бірлесіп  шет ел азаматтарының ҚР келуі заңдылығына  қатысты тиісті жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде 63 шетел азаматтары заңдылықты бұзғандығы анықталды.Қазіргі кезде бұл жұмыстар әлі де атқарылуда.

2015 жылдың І-тоқсанында барлығы 95 лицензия беріліп, бюджетке 16450,6 мың.тенге лицензиялық алым түсті. Бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  69 лицензия артық берілгендігін көрсетеді. 2014 жылы 26 лицензия беріліп, 4815,2 мың теңге  лицензиялық алым түскен.

Үстіміздегі жылы салық кодексінің 471 бабына енген өзгеріске сәйкес алкоголь өнімін сатушыларға жыл сайын лицензиялық алым төлеу жүктелген. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың басынан 149,1 млн тенге лицензиялық алым төленді.

Қазіргі таңда лицензиясы бола тұра жылдық лицензиялық алым төлемеген 30 төлеуші анықталды, оның ішінде аудан бойынша -11, қала бойынша - 19.Бұл жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 282 бабына сәйкес (ілеспе жүк құжаттарын мерзімінде растамаған және алкоголь өнімінің айналымы жөнінде декларант) әкімшілік шараға 14 салық төлеуші тартылып жалпы сомасы 2091,0 мың теңге айыппұл салынып оның ішінде 1496,4 мың теңге салықтөлеушілердің өз еркімен төленді.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында алкоголь өнімдерін сату заңдылықтарын сақтау және сату заңдылығын тексеру жүргізілді. 117  тексеру актісі жасақталып, 4828 шөлмек алкоголь өнімдері тәркіленді. Оның ішінде:

- лицензиясыз сатқаны үшін 72 акт жасалынып, 3016 шөлмек тәркіленді.

- Ілеспе жүк құжатсыз сатқан салық төлеушілерге  41 акт жасалынып 1044 шөлмек тәркіленді.

- Күмәнді есептік бақылау маркасымен (сомнительные УКМ) 4 акт жасақталынып, 768 шөлмек тәркіленді.

ҚР ҚМ МКК -нің 31 қаңтардағы №2-С бейнеконференция арқылы жиналыста берілген хаттамалық тапсырмасының 1 тармағы бойынша қала және аудандық МКБ-нда салық төлеушілердің бақылау-кассалық машиналарының және POS-терминалдардың болуына және олардың қолдану тәртібінің сақталуына тақырыптық (рейдтік)  тексеру жұмыстары жүргізілді.      Қазіргі кезде 513 - салық төлеушілерге БКМ-ның болмауына бойынша, 26 салық төлеушілерден POS-терминалдың болмауы бойынша, 95 салық төлеушілері бойынша БКМ машиналарының қолдану тәртібін сақтамауы бойынша құқық бұзушылық фактілері анықталды.

Бүгінгі күнге тақырыптық тексеруге байланысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары 634 салық төлемгеріне толтырылып, әкімшілік шара қолданылды. Жүргізілген тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша қазіргі уақытта салық төлеушілер 316 БКМ-н, 15 POS-терминал тіркеген.

 2015 жылдың 1 сәуіріне  облыс бойынша Мемлекеттік кіріс  органдарымен салық есептіліктерін қабылдау бойынша 94976 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 93106 электронды түрде (98,0%), 1870  қағаз түрінде (2,0%) қабылданған.Бұл көрсеткіш жыл қорытындысында 94 пайыз болған, яғни 4 пайызға электронды салық есептілігін тапсыру өскендігі байқалады.

2015 жылдың 26 наурызынан бастап кәсіпкерлікті жаңадан бастап жатқан тұлғаларға Біріңғай кеңес күні қала және аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқарамаларында өткізілді. Нәтижесінде 902 жеке тұлғалар түсініктеме алып,  422-і салық органдарына тіркелген.                                                                                                            

Облыстық кірістер департаменті тарапынан баспасөз, бұқаралық ақпарат құралдарында 84 мақала, 49 әртүрлі деңгейдегі хабарландырулар,  35 теледидар арқылы түсініктемелер, 69 рет теледидар және радио арқылы хабарландырулар, 15 рет халықпен кездесу, 26 дөңгелек үстелдер, 128 семинар-кеңестер, 1 брифинг және баспасөз конференциялары, 22 рет ашық-есік күндері  өткізіліп және акциялар жүргізілген. Сонымен қатар, салық төлеушілердің 578 жазбаша және ауызша өтініштеріне жауаптар берілді.

  Үстіміздегі жылдың 1-ші сәуірінен бастап облыс көлемінде   «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталып кеткендігін айтып өтуіміз керек. Акция өткізілуіне Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер Палатасымен екі жақты Меморандумға қол қойылды. Бұл Акция ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы аумағында 2015 жылдың 1 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында өткізілетін жалпы республикалық іс-шара. Акцияның негізгі мақсаты:

-азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық мәдениетін көтеру; халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-касса машиналарын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;

-азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу;

-Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушілерді және қоғамды бақылау-касса машиналарын пайдалану талап етілетіндігін ақпараттандыру;

-бақылау-касса машинаны қолдану арқылы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту;

-көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту;

-кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекені ынтыландыру.

Акция өту барысында желтоқсан айына дейін  ай сайын құнды сыйлықтар ойнатылуы жоспарланған. Ол үшін сауда нүктелерінде сатып алынған тауарлардың түбіртектерін жинақтап қалада, аудан орталықтарында  орналасқан «Бинго» лотерея дүңгіршектеріне өткізіп, орнына ойынға қатысуға  купондар алу керек. Бұл ретте жеке тұлғалардың жинақтап өткізген он түбіртектегіне бір ойын купоны беріледі.                       

Облыстың сыртқы сауда айналымы 142,1 млн. АҚШ долларын құрады, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61пайызға, немесе 224,1 млн. АҚШ долларына төмендеген.

Экспорт көлемі 66пайызға немесе 203,7 млн. АҚШ долларына, импорт көлемі  20,4 млн. АҚШ долларына немесе 36пайызға төмендеді. Төмендеу себебі,

экспорт бойынша 2014 жылдың сәуір айына дейін "КазГермұнай" мұнай экспортын біздің Департаментінде ресімдесе, сәуір айынан бастап Қарағанды облысында ресімделе бастады.

2015 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік бюджетке 2 млрд. 068,6млн теңге кедендік төлемдер мен салықтар түсірілді. Оның ішінде: негізгі бөлігін мұнай үшін кедендік әкету бажы 1 млрд. 388,4 млн. теңге (67%), Қосымша құн салығы  596,7 млн. теңге(28,8%), кедендік әкелу бажы 27,6 млн теңге (1%).

Болжамдық тапсырма 100пайызға орындалды.

2014жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кедендік төлемдер мен салықтар бойынша түсім былтырғы жылмен салыстырғанда 32 пайызға немесе 994,6 млн. теңгеге төмендеген. Негізгі төмендеу мұнай үшін кедендік әкету бажы бойынша 26 пайыз немесе 482,3 млн.теңге жәнеқосымша құн салығы бойынша 43 пайыз немесе 453,8 млн. теңге болып отыр.

      Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі  экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашу мен тергеу, болдырмау, алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізеді.  Биылғы жылдың бірінші  тоқсанында экономика саласында 68 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.11 қылмыстық іс сотқа жолданып, мемлекетке келтірілген 360 млн. теңге залал өндірілді. 558,5 мың теңгенің мүлкі тәркіленді.

   Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жалған кәсіпкерлік дерегімен 12 фактісі анықталды.Оның ішінде, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 6 іс сотқа жолданды. Жалған кәсіпкерліктің қызметінен мемлекетке 3 млрд теңге жуық залал келтірілген,көлеңкелі айналымы 13,4 млрд теңге құраған.

1-тоқсанда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған жол бермеу мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 57 мақала мен хабарландырулар жарияланып, 22 мәрте теледидар және 7 мәрте радио арқылы сұхбаттар берілді. Облыс бойынша барлығы  204  іс-шаралар (семинар-кеңес, лекция, техникалық оқу, дөңгелек үстел, жарнамалық ролик және т.б.) өткізілді. Облыс бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінде, қала, аудандар бойынша кіріс басқармаларында сенім телефондары жұмыс жасайды. Сонымен қатар, барлық басқармаларды жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына, ұсыныс-пікірлеріне арналған жәшіктер орнатылған.

 Брифинг барысында департамента басшысы С.Ж. Мұстафаев   журналистер  қойған сұрақтарға кеңінен түсініктеме берді. 

 

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік

кірістер департаментінің

түсіндіру жұмыс басқармасы.