Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен Атамекен ҰКП өкілдерінің және лицензиясы бар аудиторлардың қатысуымен Салық Кодексінің 37-2 бабына сәйкес, салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктеріне қатысты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстел отырысын департамент басшысының орынбасары М.О.Қалдарбеков кіріспе сөзбен ашып, Аудит басқармасының басшысы Н.Ө.Таукеев мазмұнды баяндама жасады. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне 2016 жылы 59 таратылатын заңды тұлғаның және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлерден өтініш келіп түсіп, салықтық тексерулер жүргізілген. Оның ішінде қаржы-шаруашылық қызметін жүргізбегендер, яғни "0" көрсеткішпен декларация тапсырғандар саны - 30.
Сонымен қатар, таратылатын заңды тұлғаның және қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңіндегі түзетулері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 120000 еселенген мөлшерінен аспайтын 27 салық төлеуші таратылуға өтініш білдірді.
Алайда, 2016 жылы аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындысы бар таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлер орын алған жоқ. Яғни, тек салықтық тексерулер арқылы ғана резидент заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер қызметін тоқтатты.
Қызылорда облысы бойынша МКД-нің Түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы С.Казбекова