Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде осындай тақырыппен жергілікті ақпарат құралдары өкілдеріне арналған пресс тур өтті.
Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері, олардың сапасын көтеру мақсатындағы жаңа талаптар туралы ақпарат беруге арналған пресс тур департаменттің «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығында» басталды. Департамент басшысының орынбасары Мұса Оспанұлы Қалдарбеков журналистерге мемлекеттік кірістер органдары қызметін көрсетудегі қызметтері үшін алғыс білдірді. Мұнан соң мемлекеттік қызмет көрсету басқарқармасының басшысы Шортанбаева Гүлжамал және бөлім басшысы Амангелдиев Нұрлыбек қызылордалық салық төлеушілерге көрсетіліп отырған қызметтердің жетілдірілген деңгейін сипаттап берді, терминал қызметімен таныстырды.
Департаменттің екінші ғимаратындағы кездесу «Қызылорда-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде жалғасты. Журналистерді департамент басшысының орынбасары Майхиев Әли Қабиұлы қарсы алды. Кедендік бақылау амалдары және тауарларды кедендік тазартудан өткізу жүйесі туралы қысқаша таныстырған лауазымды тұлға журналистердің сұрақтарына да жауап берді. Мұнан соң, кеден бекеті басшысының орынбасары Ердібаев Қайрат жаңа жоба - электронды декларациялаудың «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі туралы айтып берді. Бүкіләлемдік сауда ұйымының нормаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес, 90-нан астам елдерде белсенді қолданылатын ASYCUDA бағдарламасы негізінде жасалған бұл жүйенің пилоттық нұсқасының бірінші кезегі 2016 жылдың шілде айында Астана қаласы бойынша МКД базасында іске қосылған болатын. 2017 жылдың 15 ақпанынан бастап жоба Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде қолданылуда. «Электронды декларациялауға көшу кеден құнын бақылау және тауарларды сыныптау бойынша екпінді тауарларды шығарғаннан кейінгі кезеңге ауыстыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тауарлардың шығару мерзімдерін қысқартуға септігін тигізеді»,- дейді мамандар.
Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маманы Абдыкамалов Мақсат сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу және болдырмау мақсатында іске асырылып жатқан шаралар туралы әңгімелеп берді.
Қалың тұтынушыға 50-ге жуық қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік кірістер органдары жұртшылық үшін де, бизнес үшін де қолайлы жағдай жасауды мақсат тұтады. Ашықтық пен мөлдірлік, жылдамдық пен сапалы қызмет – жаңа бағдарламалар мен ережелерді енгізудің түпкі нәтижесі осы болу керек.
Бақыт Орданова,
Қызылорда орблысы бойынша МКД бас маманы