Date of publication: 04.08.2017 11:01
Date of changing: 04.08.2017 11:02

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментініңқызмет ету аясындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына.

«Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылдың 3 сәуіріндегі №257 Бұйрығының 41 тармағына сәйкес, кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары төленген күннен бастап бес жыл өткеннен кейін жеке шоттардан есептен шығарылады.

Ал, осындай сомаларды есептен шығару тәртібі осы Бұйрықтың 42 тармағымен бекітілген.

Жоғарыда аталғандарға орай және кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларының төленген күннен бастап бес жыл өткендігін анықтау мақсатында департаментіңқызмет ету аясындағы барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды департаментпен кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойыншасалыстыру актілерін жүргізуді сұрайды.

Толық ақпаратты 23-88-10 телефоны арқылы алуға болады.