Date of publication: 03.10.2017 17:15
Date of changing: 04.10.2017 10:34

Тартымды тұлға, келісті келбет.

Жүрегі жұмсақ, санасы сергек.

Ауылда туып, Питерде оқып

Қызметте өсті – биікке өрлеп.

 

Сауаттылықтың ең биік шыңы,

Жазуы көркем – жоқ ешбір міні.

Ұқыптылықтың ерен үлгісі,

Қалам ұштаудан басталған күні.

 

Досы көп және досқа адал адам,

Дәл мұндай достар әркімге арман!

Нар кеуделеріне нан піскен емес –

Махаббат  толған, ән тұнған жандар!

 

Сәлима жары -  сылқым келіншек

Қолынан ұстап жұмаққа беттеп,

Үш үрдің қызын, бір батыр сыйлап –

Жайнады бағы, іргесі көктеп.

 

Зейнетке шыққалы жетінші күз кеп...

Таппайсың бірақ үйінен іздеп,

Ағайын-достың  тойынан келсе –

Саяжайда да істейтін іс көп.

 

Бұл біздің ТӨКЕҢ  жетпіске жеткен!

Шаршамай жеткен – би билеп еппен!

Өзіңе саулық, отбасыңа бақыт

Тілейміз біздер үлкен құрметпен!

 

Қызылорда облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаментінен

 ӘРІПТЕСТЕР