Date of publication: 16.10.2017 08:51
Date of changing: 16.10.2017 08:52

         Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.04.2017 ж. №230 Қаулысымен «Салық төлеушінің және үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің  билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

         Осылайша, мемлекеттік кірістер органдарымен келісім шарты немесе төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне билік етуі шектелген мүлкін сату gosreestr.kz. мемлекеттік мүлік тізімінің веб-порталы арқылы электронды аукционда жүзеге асырылады.           

          Бұл ретте, Ереженің 6 тармағына сәйкес салық төлеушінің салықтық міндеттемесін орындамаған немесе мүлкіне билік етуіне шектеу туралы Қаулы шыққаннан соң 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдары берешегі бар тұлғалардың мәліметі (ЖСН/БСН, заңды мекен-жайы, банктік реквизиттері) және олардың мүліктері туралы мәліметті базаға ендіреді.

          Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларға «www.gosreestr.kz» электронды аукцион алаңына  берешектің, өсімпұлдардың есебіне билік етуі шектелген мүліктер сатуға шығарылатындығын хабарлаймыз. 

          Толық ақпаратты Департаменттің Борыштармен жұмыс басқармасынан 23-72-17 телефоны арқылы алуға болады.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті