Date of publication: 20.07.2015 17:44
Date of changing: 20.07.2015 17:46

        Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «Жемқорлықпен күрестің алдын алу шаралары» тақырыбында кеңейтілген семинар өтті. Семинар жұмысына Қызылорда облысы прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Қызылорда облысы бойынша департаментінің және Қызылорда  облыстық ішкі істер департаментінің лауазымды тұлғалары шақырылды.

         Семинар жұмысына Департамент басшысының орынбасары Қалдарбеков Мұса Оспанұлы модераторлық етті.

    Облыстық прокуратураның басқарма  бастығының орынбасары Н. Дүйсенбаев, Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы  басқармасының басшысы Б.Байхожаев, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маманы  М.Абдикамаловтар  баяндама жасады. 

     Мұнан соң Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің инспектор-психологы С.Мырзахметова қатысушы қызметкерлермен психологиялық тренинг-кеңес өткізді.

      Семинар жұмысы барысында мемлекеттік органдар арасындағы екіжақты, үшжақты ақпарат алмасу,  қызмет барысындағы жекелеген жағдайларға кәсіби көзқарас, лауазымды тұлғаларды жемқорлық әрекеттерінен сақтандыру, қиын жағдайларда психологиялық қолдау көрсету  әрекеттері туралы  пікірлер қызу талқыға түсті.

      Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 2015 жыл басынан бері қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты 11 қызметтік тергеу жүргізіліп, 14 қызметкер әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.  Қызметкерлерге қатысты 11 шағым түссе, олардың біреуі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімдемесіне енгізілген. 2 арыз прокуратура органдарына жолданып, 8 арыз қылмыс құрамы болмауына байланысты, қысқартылған.