Date of publication: 21.08.2015 16:17
Date of changing: 21.08.2015 16:22

         Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері АБАЙ КҮНДЕРІ  шараларына қатысты.

       Департамент қызметкерлері Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана ұжымымен бірлесіп, «Жүрегіңнің түбіне терең ойла» әдеби-танымдық шарасын өткізді. Кеш барысында Абайдың өмірі мен өнері туралы қызықты мәліметтер тыңдалып, Абай өлеңдері мен әндері орындалды.

        Департаменттің ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы Айбек Садықов «Атаға тағзым» атты өз өлеңін оқыды. Ал адам ресурстары басқармасының бас маманы Аманжол Мыханов «айттым сәлем, Қаламқасты» домбырамен  шырқады.

         Кешке қатысушылар әсерлі әрі танымды шара  үшін ұйымдастырушыларға  алғыс айтты.

         Мұнан соң қатысушылар кітапханада орналасқан Абай шығармаларының көрмесін тамашалады.