Date of publication: 21.08.2015 18:16
Date of changing: 21.08.2015 18:17

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «2014 жылғы 29 мамырдағы Евразиялық экономикалық одақ туралы» Келісімге Қырғызстан Республикасының қосылатыны туралы Келісім шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

       Осы келісім шарттың 1 бабына сәйкес, Қырғызстан Республикасы Евразиялық одақтың құзырындағы басқа да халықаралық келісімдерге қосылады және Келісім шарттың күшіне енген күнінен бастап Евразиялық одақтың мүшесі болып танылады.

       Қырғызстан Республикасы Одаққа кірген күннен бастап оның аумағында Одақтың халықаралық келісімдері, Кеден одағының кеден заңнамаларын қосқанда, қолданылатын болады.

        Яғни, Одақ шеңберінде бірыңғай реттеу жүргізіледі, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің аумағында, кедендік бақылаусыз және декларациялаусыз, тауарлардың еркін айналымы қамтамасыз етіледі.

         ЕАЭО шеңберінде бір мемлекеттен екінші мемлекетке тауар импорты кезінде  жанама салықтарды тауар импортталған аумақтардағы салық органдары өндіреді, егер осы мемлекеттің аумағында акциздік маркаланған тауарларға қатысты басқа да заңнамалар қолданылмаса.

Өзара саудада жанама салықтарды өндіру ҚҚС нөлдік ставкасын қолданатын, тауар эскпорты кезінде акциздік төлемнен босатылған, сонымен қатар импорт кезінде жанама салықтар салынатын жеткізілу елінің қағидасымен жүзеге асырылады,

Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша, салықтық есептіліктен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

Қазақстан Республикасы аумағына Кеден одағына мүше мемлекттерден тауар импорты кезінде салық төлеуші тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кіріс органына салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларация ұсынуға міндетті, қағаз нұсқада және электронды түрде, немесе тек қана электронды нұсқада. Осы уақытта осы декларация арқылы Салық кодексінің 276-20 бабының 3 тармағы 1)-8) тармақшаларында қарастырылған құжаттарды ұсынады. Оның ішінде, тауарды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Арызы қағаз нұсқада (4 данада) және электронды түрде, немесе тек қана электронды түрде.

Жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі кезіндегі жанама салықтарды өндіру  осы жұмыс пен қызметтер орындалған мемлекеттің аумағында жүзеге асырылады.