Date of publication: 10.09.2015 18:00
Date of changing: 10.09.2015 18:09

         2015 жылдың 9 қыркүйегінде Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Қалдарбеков Мұса Оспанұлы «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы туралы қысқаша тоқталып өтті.

       «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы аумағында 2015 жылдың 1 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында өткізілетін жалпы республикалық іс-шара.

      Акцияның негізгі мақсаты:

  • азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық мәдениетін көтеру;
  • Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушілерді және қоғамды бақылау-касса машиналарын пайдалану талап етілетіндігін ақпараттандыру;
  • бақылау-касса машинаны қолдану арқылы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту;
  • көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту;
  • кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекені ынтыландыру.

       Акция өту барысында желтоқсан айына дейін ай сайын құнды сыйлықтар ойнатылуы жоспарланған.

  

     Акция үш кезең бойынша өтеді:

- бірінші кезең аудан деңгейінде, қала ішіндегі аудандарды қоса алғанда,

- екінші кезең облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалаларда;

- үшінші кезең республикалық деңгейде.

Акция жеңімпаздары купондарды кездейсоқ ойнату жолымен жариялы түрде анықталады.

2015 жылдың 1 қыркүйегіне облыс бойынша чекке айырбасталған купон саны -20777. Сәуір айында -1512 купон,мамыр айында-7069, маусым айында-7358, шілде айында-6110 купон чекке айырбасталған.                            

Акцияның жүргізілу барысында барлық аудандар және Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары жақсы ұйымдастырушылық жұмыстар атқаруда. Атап айтсақ, Жаңақорған ауданында сауда орындарында 5 жинактаушы жәшіктер орнатылып, барлығы-8228 купон, оның ішінде сәуір айында-454, мамыр айында-2609 купон, маусым айында -2008, шілде айында-1976, тамыз айында 1181 купон жинап, алдыңғы орынды иеленіп отыр.

          Қызылорда қаласында-барлығы 6623, сәуір айында-93 купон жинақталса, мамыр айында-1493, маусым айында -2148, шілде айында-1484, тамыз айында 1405 купон чекке айырбасталған. Қазалы, Шиелі  аудандарында да бұл көрсеткіш біршама жоғарылаған.

         2015 жылдың 1-31 тамыз  аралығында  да  «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы облыс көлемінде жалпы халықтың белсене араласуымен өз деңгейінде өтті.

          Қызылорда қаласы және барлық аудандардан анықталған жеңімпаздардың   купондарын лототронға салу арқылы ұтыс ойынын өткізіп, Акцияның екінші кезеңінің жеңімпазы Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылы, Жүзбаев көшесі 37 үй тұрғыны Нурмаханова Жадра Кулдарбековна (ЖСН 760630402907) болып  жарияланды.

        Акцияның екінші кезеңінің жеңімпазы мен барлық  қатысушыларын  Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттау жүргізілді.