Date of publication: 18.09.2015 12:36
Date of changing: 18.09.2015 14:41

УАҚЫТ ТАЛАБЫ: ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ, ҚЫЗМЕТКЕР САУАТТЫ

БОЛУЫ КЕРЕК

 

       Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев облыстық коммуникациялар орталығында баспасөз өкілдерімен брифинг өткізді. Негізгі тақырып бес интитуциалдық реформа «100 нақты қадам» жоспарына арналды.

              

 

      

Департамент басшысы кедендік және салықтық әкімшілдендіруді жеітлдіруге бағытталған 8 қадам бойынша толық мәлімет берді. Оның ішінде, экспорттық және импорттық кеден рәсімдерін өту кезінде «бір терезе» қағидатын енгізу негізінде сауда амалдарын жеңілдетуге мүмкіндік туатыны түсіндірілді. Салық және кеден жүйелерін интеграциялау және  импорттық және экспорттық кеден рәсімдерін оңайлату мәселелері қамтылды.

       Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру – бүгінгі уақыт талабы. Желі арқылы орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. Сондай ақ, тәуекелдерді басқару жүйесі декларанттарды тәуекел санаттарына бөледі, бұл өз кезегінде, салықтық бақылау мен шешім қабылдауды бағыттайды. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар 3 жыл мерзімде қайта тексеруден өтпейді.

        Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы қолданыстағы  салық режимін оңтайландыру да алдағы уақытта қолданысқа енгізілетін жалпыға бірдей декларациялвау шеңберінде қабылданып отыр. Жаңа режимдер талабы бойынша табыспен бірге шығыстар да декларацияланатын болады.

        Департамент басшысы, сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету бағытындағы негізгі көрсеткіштер туралы хабардар етті.

 

Қызылорда облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы