Date of publication: 27.11.2015 10:34
Date of changing: 27.11.2015 15:38

     2015 жылдың 26 қарашасында Қызылорда облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпаратты қабылдау және өңдеу Орталығында» ҚР Президентінің «100 нақты қадамы» бойынша БАҚ-ы өкілдеріне арналған   пресс-тур өткізілді. Оған облыстық кірістер департаментінің түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы-Совет Бабанаев, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары-Қазтай Әбдреев, бөлім басшысы-Жақсылық Бабасов және БАҚ өкілдері қатысты. Басқарма басшысы С.Бабанаев қатысушыларға осы шараның мақсатымен таныстырды.

 Қазақстан Республикасының Президенті  мемлекетіміздің әлемдегі ірі геосаяси және экономикалық өзгерістерге қарсы тұрып қана қоймай, қол жеткен табыстарымызға сүйене отырып, мемлекеттігімізді одан әрі нығайтатын бес институцияналдық реформаны айқындап берді.

Осы реформаларды  жүзеге асыру аясында «100 нақты қадамды» анықтап берді, оның жартысынан астамы елде индустрияландыруды және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған. Экономикалық өсім мен елді әрі қарай индустрияландыруға бағытталған қадамдарды іске асыру барысында шағын және орта бизнес арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға және экономикалық дамудың динамикасын әрі қарай жалғастыра беруге жағдай жасалады.

Ел келешегінің табысты болуына жетелейтін бұл құжат ағымдағы тарихи сатыда еліміз үшін айрықша және жоғары стратегиялық құндылыққа ие.100 нақты қадамның қай-қайсысы да өзекті мәселелерді қамтыған.          

        

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басым бағыттарының бірі салық төлемгерлеріне сапалы мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Салық төлемгерлерінің салықтық мәдениетін арттыру, қызмет көрсетуді жаңаша деңгейге көтеру бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Оның нәтижесімен электронды салық төлемгерлерінің саны   тіркелінген барлық салық төлемгерлерінің 98 пайызды құрап, оларға электронды мемлекеттік қызмет көрсету түрлері де жылдан-жылға көбеюде.         

                          

    Бүгінде халыққа сапалы қызмет көрсету және жемқорлыққа жағдай туғызбау мақсатында барлық кірістер органдарында «Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы», «Салық төлемгерлерінің терминалдары»  қызмет атқарады. Бұл шара Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің халықпен тікелей қарым-қатынасын болдырмау, электронды, түрде ақпарат алмасуын қамтамасыз ету, яғни сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа әкеліп соқтыруына мүмкіндік тудыратын жағдайға жол бермеудің бірден-бір жолы.  Осы тұрғыда көрсетіліп жатқан қызмет сапасына жүргізіліп отырған мониторингі де өз  нәтижесін беріп, қызмет сапасының жоғарылауына оң әсерін тигізіп отыр.  

Одан кейін осы Орталықтағы жұмыстар барысымен Қызылорда қаласы бойынша МКБ басшы орынбасары Қазтай Әбдреев БАҚ өкілдеріне жан-жақты түсініктеме беріп,хабарлама жасады.

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы» мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес жүргізеді. Ағымдағы кезеңде «Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы» жоғарыда көрсетілген Бұйрықпен бекітілген 32 мемлекеттік қызметтің 23 түрін электронды түрде атқарады.                

                   

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі №85 «Салық органдарының жұмыстарын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының талаптарын орындау мақсатында салық төлеушілерден ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарында екі тілде салық заңнамаларымен салықтық есептіліктердің үлгілері бойынша нақты ақпараттық стенділер орналасқан.

              Салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау және мемлекеттік қызмет түрлерін жедел жүргізу мақсатында модераторлық қызмет атқарылуда. Ол өз кезегінде ақпараттық орталыққа келген әр бір салық төлеушінің келу мақсатын сұрап біліп, нақты салық заңнамасы бойынша кеңес береді, енгізілген «электронды жүйе» бойынша орталықтағы терминал арқылы кезекке талон алуын бақылап, қажетті терезеге бағыттап отырады.

              Сонымен қатар, келген салық төлеушілерге алынатын мемлекеттік қызметтердің түріне қарай тапсыруға тиісті құжаттардың тізімін айтып, артық құжат сұратудың алдын алуда. Орталықтарда орналасқан сөрелерде салық есептіліктерін толтыру нысандары бойынша үлгілер қойылған. Әрбір қызмет көрсету терезелерінде мемлекеттік қызметкердің аты-жөні толық жазылған маңдайшалардың, сондай-ақ, төсбелгілердің (бейдж) болуы модератор тарапынан қатаң қадағаланады.       

           Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық есептіліктерін қабылдау және өңдеу орталығында «Кезекті басқарудың электронды жүйесі» (КБЭЖ) жұмыс істейді. Аталмыш жүйені енгізудің көмегемен әр қызметкердің терезесінің алдында орнатылған сенсорлық экранның көмегімен көрсетілген қызмет сапасының бағасы көрсетіледі. Экранда салық төлемгерлері  мемелекеттік қызмет көрсетушінің құзіреттілігін, сыпайылығын, қызметкердің қызмет көрсету жылдамдығын немесе оның клиентке көмектесу ниетін бағалайды. Нәтижелердің барлығы КБЭЖ-да тіркеледі, кейін талдау қорытындысымен кірістер басқармасының жұмыс сапасын жақсарту бағыттары нақтыланады.

            Енгізілген «электронды жүйе» бойынша орталыққа келген салық төлемгерлері терминал арқылы кезекке талон алып, операциялық залда орнатылған экран арқылы өз кезегін бақылап отырып, кезегі келген мезетте мемлекеттік қызмет көрсетуші салық қызметкерінен тиісті қызмет түрлерін ала алады.

           Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызмет алушы барлық салық төлеушілерге көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн режимде тәуліктің кез-келген уақытында www.kgd.gov.kz электронды мекен-жайдың салықтық қызмет бөлігінен алуға болады.

            Мемлекеттік кірістер органдарының http://www.kgd.gov.kz сайтындағы «кері байланыс» бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне салық төлеушілердің мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша көкейлерін мазалап жүрген сауалдарын жолдау мүмкіндігі қарастырылған.

          Сонымен қатар, салықтандыру заңнамасына қатысты сұрақтарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бірыңғай байланыс орталығына» 1414 немесе 8-800-080-7777 (байланыс тегін) нөмеріне тікелей хабарласуына болады.    

          Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтің деңгейін анықтау мақсатында тәуелсіз қоғамдық ұйымдар тұрғындар арасында жыл сайын қоғамдық сұраулар өткізуде. «Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы» қоғамдық ұйымының 2014 жылы өткізген сұрау қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан көрсеткен мемлекеттік қызметке қоғамның қанағаттану деңгейі 96 пайыз құраған.

         Пресс-тур барысы облыстық «Қызылорда-Қазақстан» телеарнасына түсіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық түсініктемелер берілді.