
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстанның бірінші Президенті күніне арналған салтанатты басқосу өтті.
Жиынды кіріспе сөзбен Департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев ашты.
Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Совет Бабанаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің тарихы мен маңызы туралы» баяндама жасады.
Мұнан соң, салтанатты жиынға шақырылған Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың ғылыми қызметкері Ақмарал Серікбаева Елбасының өмірі мен еңбектерінен сыр шертетін «Елбасы. Нұрлы жол. Мәңгілік ел: Қазақстан болашағының үш тағаны» кітап көрмесімен таныстырды.
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Әйгерім Беккулиева Қазақстанның тәуелсіздігі мен Президенттің өмірін байланыстыратын тарихи деректерге құрылған хабарлама жасады.
Басқосуды қорытындылаған Департамент басшысы қызметкерлерді ұлтжандылыққа, адалдыққа, мінсіз қызметке үндейтін мерекемен құттықтап, ел болашағы үшін елеулі еңбектеріне табыс тіледі.
Департаменттің Түсіндіру жұмыс басқармасы