Date of publication: 21.12.2015 18:06
Date of changing: 21.12.2015 18:07

        Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев  «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында брифинг берді. Жергілікті БАҚ өкілдерімен қысқа сұхбат барысында Департамент басшысы  бюджетке түсірілген түсімдер туралы ғана емес, мемлекеттік кірістер органдарындағы бірқатар жұмыстардың да қорытындысын жария етті.

   Үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанына шоғырландырылған бюджетке 198 756,7 млн. теңге кірістелінді, оның ішінде Ұлттық қорға біздің өңірдің шикізат өндірісінен  түсімі  - 128,7 млрд.тенге.

       Мемлекеттік бюджетке жыл басынан бері 70,6 млрд. тенге түсім түсіріліп,  болжам 1,4 млрд. теңгеге артығымен орындалып отыр немесе 102,1 пайызға. 2015 жыл қорытындысымен болжамды жоспар 3,8 млрд.теңгеге артығымен немесе 105,5 пайызға орындалады деп күтілуде.

       Салық төлеушілермен жүргізілген сұхбат және камералдық бақылау шаралары бойынша мемлекеттік бюджетке 3,1 млрд теңге қосымша салықтар есептеліп, төленді. Алдыңғы жылдардағы салықтық тексерулер қорытындысымен бюджетке 1,5 млрд теңге (3 заңды тұлға) қосымша түсім түссе, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 1,3 млрд теңге,  бересілерді мәжбүрлеп өндіру шаралары нәтижесінде 600,0 млн теңге түсім түсуі қамтамасыз етілді.

        Сонымен бірге,  2015 жылға  3 665 салықтық тексерулер, оның ішінде 73 - кешенді, 180 - тақырыптық, 1 343 -  қарсы тексеру,     1 984 - жекелеген сұрақтар бойынша тақырыптық, 85-хронометраждық зерттеп-тексеру  тексерулер жүргізген. 253 кешенді және тақырыптық тексерулер қорытындысы бойынша бюджет есебіне барлығы  13 458 168,0 мың теңге  салықтар мен басқа да міндетті төлемдер қосымша есептелінді, оның ішінде салық – 10 143 568,0  мың теңге, өсімпұл – 3 314 599,0  мың теңге,  өндірілгені - 101 746,0 мың теңге.

                                                 

                 

        2015 жылдың 31 желтоқсанына салық және бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдер бойынша  күтілетін бересі сомасы жыл басымен салыстырғанда 15230,3 млн. теңгеге немесе 88,2 пайызға  азаюы күтіледі.  

        Үстіміздегі жылдың 17 маусымынан басталып  2015 жылдың 15 желтоқсанына 82 объектіге хронометраждық зерттеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, салық төлеушілердің бір күндік табысы 9 315,6 мың теңгеге немесе орташа есеппен 9,2 есеге дейін өскен.  Жекелеген салық төлеушілер бойынша 3 еседен 30 есеге дейін өскендігі анықталды. Хронометраждық зерттеп тексерулер нәтижесімен, 2014 жылға 5 млн. 596 мың теңгеге қосымша салық есептелінді, жұмысшылар саны 65 адамға көбейді.  Ал 2015 жылдың 1 жарты жылдығына 2015 жылдың 4 млн. 674,8 мың теңгеге қосымша салық есептелінді, жұмысшылар саны 54 адамға көбейіп отыр. Сонымен қатар хронометраждық зерттеу барысында алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатумен айналысудың 1 фактісі анықталып, барлық сомасы 2 млн. 400,0 мың теңгені құрайтын 512 шөлмек алкоголь өнімі сатылымнан алынды. ЭТҚ-мен ҚР ҚК-нің 214 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Және де, барлық сомасы 1 млн. 257,1 мың теңгені құрайтын 3 265 дана алкоголь өнімін бекітілген төменгі бөлшек сауда бағасынан төмен сату фактісі анықталды. барлық алкоголь өнімін сатылымнан алып тасталып, құжаттар сотқа жолданды.

          2015 жылдың 11 айы қорытындысымен Қызылорда облысы бойынша сыртқы сауда айналымы 525 млн. АҚШ долл. құрады. Оның ішінде, экспорт 419 млн. долларды  құраса, импорт 106 млн. АҚШ долл. тең. 

         Облыстың сыртқы сауда географиясы былай қалыптасқан:  Импорттың  55 пайызы Қытайдан, 11 пайызы  Германиядан, 6 пайызы Украинадан, 5 пайызы  Түркиядан, 4 пайызы  Литвадан, 3 пайызы АҚШ-тан, 16 пайызы өзге елдерден әкелінген. Экспорттың  54 пайызы  Қытайға, 18  пайызы  Италияға,        9 пайызы  Францияға,            4 пайызы Өзбекстанға, 15 пайызы өзге елдерге шығарылған. Тауарлар бойынша қарастырғанда 42% – жабдықтар мен механикалық құрылғылар, 10% – көлік құралдары, 10% – қара металдан жасалған бұйымдар, 6% – пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар, 6% – жиһаз, 5% – электр машиналары мен жабдықтар, өзге тауарлар – 21% импортталған. Ал экспортталған, негізінен,  47% – табиғи уран, 40% – шикі мұнай, 6% – күріш, 6% – газ, өзге таурлар  – 1%. 

       Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша болжамдық тапсырма – 116%-ға орындалды немесе 8,8 млрд. теңге өндірілуі қамтамасыз етілді.  Тәуекелді бақылау жүйесі негізінде қосымша 46,8 млн. теңге өндірілді. 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 52%-ға артық.  Тауарлар декларациясына түзетулер  нәтижесінде, қосымша 989,6 млн. теңге өндірілді.

        Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі жыл басынан бері 463 қылмыстық істің өндірісін жүргізді. Қылмыстық құқықзұзушылықтың 307 фактісі бойынша тергеу қызметтің өз құзыретімен басталған. 236 істің (51 пайыз) өндірісі аяқталған, 93 іс сотқа жолданған.

         Аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі 11 млрд. теңге болған, оның 4,5 млрд. теңгесі, яғни 41,3 пайызы қайтарылды. 56,4 млн. теңгенің мүлкіне арест қойылды.

         Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында, хабарламалар нәтижесімен контрагенттердің өз ықтиярымен   30,6 млн. теңгенің салықтары төленді. ЭТҚ-нің жұмыс жүргізу әдестемесі негізінде жалған кәсіпкерлердің контрагенттерінен 190 млн. теңгенің қаржысы бюджетке қайтарылды.

         Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 8 іс қаралған, олардың 2-еуі сотқа жолданып, 402 090 дана өнім айналымнан алынды, 4 млн. теңге мемлекет пайдасына тәркіленді.

        Заңсыз ойын бизнесі бойынша өндірісте 36 іс болды, оның 23-і сотқа жолданып, 47 лотерея терминалы, 211 компьютер, ойыннан түскен 958,5 мың теңге ақша айналымнан алынды.

        Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактісімен өндірісте 8 іс қаралды, 4 іс сотқа жолданды, айналымнан 174 455 тонна мұнай алынды, 34,8 млн.теңгенің мүлкі арестке алынды.  

         Департамент басшысы, сонымен қатар, журналистер тарапынан берілген бірнеше сұрақтарға жауап берді.