Date of publication: 24.12.2015 11:39
Date of changing: 24.12.2015 11:39

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде 2015 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!»акциясының қорытынды ұтысы өткізілді. Басты сыйлық Chevrolet маркалы автомобилі және 3 ынталандыру сыйлығы - 100, 200, 300 мың теңгеге сертификат 124  финалист арасында ойнатылды.

Ұтыстың қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлықтардың бақытты иегерлері:

100 мың теңге сомасындағы сертификат:

-      Иманқұлова Арайлым Өтегенқызы (Қостанай облысы)

200 мың теңге сомасындағы сертификат:

-      Сабыржанова Мереке Сабыржанқызы (Атырау облысы)

300 мың теңге сомасындағы сертификат:

-Шаймукаева Айсара Бекежанқызы (Алматы облысы)

Басты сыйлық - Chevrolet маркалы автомобилінің иегері  Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Мусин Әлібек Қуатұлы.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!»акциясы «Атамекен» ҰҚП қолдауымен ағымдағы жылғы 1 сәуірден 30 қараша аралығында республика бойынша өткізілген болатын.

Біздің өңірден қорытынды ойынға әр айдың жеңімпаздары – 8 ойыншы қатысты.