Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болып қабылдануына байланысты бірқатар тауарларға төменгі кедендік алым мөлшері қолданылады. Бүгінгі күні ҚР Ұлттық Экономика министрлігімен төмендетілген баж алымы қолданылатын тауарлар Тізілімі (1347 түрінен) жасақталды.
Тізілімге енгізілген, төменгі кедендік алым мөлшерімен әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасы аумағынан Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері аумағына шығаруға жатпайды.
Аталған тауарлардың әрі қарай айналымын бақылау электронды шот-фактура ақпараттық жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады .
Осыған байланысты аталған тауарлардың импортын жүзеге асырушы барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ЭШФ АЖ-не тіркелуі тиіс.
Осы талаптар Тізілімге енген тауарларды өндіріп, ЕАЭО аумағына экспорттаушы барлық шаруашылық субъектілерге де қатысты.
Жоғарыда аталған талаптардың орындалуын бақылау мақсатында мемлекеттік кірістер органдары бойынша арнайы жарақталған автокөлікпен, байланыс құралдарымен, арнаулы киіммен жасақталған мобильды топтар құрылды.
Мобильды топ Тізілімге енген тауарлардың айналымын зерделеу, хронометражды бақылау және тексеру жүргізу арқылы бақылайды.
Қызылорда облысы бойынша МКД