Date of publication: 18.02.2016 15:10
Date of changing: 18.02.2016 15:10

        Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы жұмысшы тобымен біріктірілген кеден және салық кодексінің әзірленуіне байланысты, Комитеттің сайтында жаңа Кодекс бойынша ұсыныстар үшін «Форум» ашылған. Онда тақырыптар бойынша өз ұсыныстарыңызды енгізуге, сонымен қатар барлық түскен ұсыныстарды көруге болады.

        Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде әр аптаның бейсенбісі күні сағат 16.00-да Кодекске ұсыныстарды талқылауға арналған «дөңгелек стол» кездесуі өтетінін хабарлаймыз. Салықтық және кедендік рәсімдерді оңтайландыру мен жетілдіру бойынша ұсыныстары бар әрбір азамат жаңа Кодекстің жасалуына қатыса алады.

          http://www.kgd.gov.kz/ru сайтына кіріңіз немесе бізге қоңырау шалыңыз, телефонымыз: 8 (7242) 238390.

 

Кездесуде талқыланатын тақырыптар

Өтетін күні

1

 

 

 

Салық есебін жүргізу қағидасы.

Корпоративтік табыс салығы.

Бірлескен қызметке салық салу.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.

18 ақпан

2

Сенімгерлік басқару кезіндегі салық салу.

Камералдық бақылау.

25 ақпан

3

Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық.

Халықаралық салық салудың ерекшелігі.

3 наурыз

4

Қосылған құн салығы.

Қосылған құн салығын жоя отырып,сатудан алынған салықты енгізу.

Акциздер.

10 наурыз

5

Арнайы экономикалық аймақтардағы салық салу.

Меншік салығы (мүлік салығы, жер салығы).

Көлік құралдарына салық (бензинге акциздің артуымен көлік салығын жою қарастырылады).

Бюджетке басқа да міндетті төлемдер (мемлекеттік баждар, төлемақы және алым).

17 наурыз

6

Салық төлеушілердің тіркеу есебі. Салықтық қызмет көрсету. Салық есептілігінің нысаны.  Бақылау-касса машиналары.

31 наурыз

7

Қате төленген сомаларды қайтару, артық төленгенін есепке жатқызу.

7 сәуір

8

Тарифтік реттеу.

Кеден маңы саласы.

14 сәуір

9

Тарифтік емес реттеу (кедендік төлемдер). Салықтық және кедендік тексерулердің нәтижесіне шағымдану.

21 сәуір

10

Кедендік бақылау.

Кедендік декларациялау және кедендік рәсімдер.

 

28 сәуір

 

Қызылорда облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті