Date of publication: 03.12.2019 19:45
Date of changing: 03.12.2019 19:45

Құрметті салық төлеушілер!

 

         Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасыныңаумағына тауарларды әкелген және шығарған кезде, акцизделетін тауарларға және биотынға, халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңбалауға жататын тауарларға,Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды және баждардың төмендетілген ставкілерібойынша әкелінген тауарларға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттары жазылу заңнамамен қарастырылған.

Тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттары «Электронды шот фактуралар» ақпараттық бағдарламасында Виртуалды қойма модулі арқылы толтырылып жүргізілетін болады.

Салық төлеушілердің ERP-жүйесімен электронды шот фактуралар ақпараттық жүйесін интеграциялау үшін API-интерфейс әзірленген, осы  интерфейс Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «Электронды шот фактуралар бөлігінде орналасқан» және келесі құжаттамаларды құрайды

  • API бойынша құжаттама;
  • XML форматта шаблондар;
  •  SOAP жобасы;
  • Қол қою генерациясы;
  • Кітапхана файлдары.

Тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттарын пилоттық режимінде кәзірден бастап осы тесттік мекенжай арқылы  https://esf-test.kgd.gov.kz:9443/esf-web/login#!/қолдануға болады.