Date of publication: 10.03.2016 11:39
Date of changing: 10.03.2016 11:39

                Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болып қабылдануына байланысты, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы Хаттамаға қол қойылды, сонымен қатар ілеспе құжаттарды растау рәсімін жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының өз-ара іс-қимыл Регламенті бекітілген.

          Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 Шешімімен төмендетілген кедендік баж ставкасы қолданылатын тауарлар Тізбесі 1347 түрінен (әрі қарай – Алып қою тауарлары) бекітілді.

Аталған Тізбе kgd.gov.kz. сайтында орналастырылған.

         Қазақстан Республикасының аумағынан Алып қою тауарларын  ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына шығарар  кезде, салық төлеуші тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына  өтінішті және оған қосымша электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін табыс етеді, сонымен қатар:

1) үшінші елдерден осыған  дейін импортталған  тауарларға – тауарлар декларациясының көшірмесі;

2) ЕАЭО елдерінен осыған  дейін импортталған тауарларға – әкелу туралы өтінішін және ҚР салық заңнамасымен белгіленген 328.00-нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініші;     3) Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларға - CТ-1 нысаны (Ұлттық кәсіпкерлер Палатысымен берілетін тауарлардың шығарылған жері туралы сертификат).

         Алып қою тауарларын өткізуді жүзеге асырушы тұлғалар  ҚР ҚМ 09.02.2015ж. №77 санды бұйрығына сәйкес ЭШФ АЖ тіркелуге және электрондық шот-фактура жазуға міндетті. Сонымен қатар  аталған тауарларды ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына шығарар кезде мемлекеттік кірістер органында расталған тиісті құжаттардың көшірмелері  болуы тиіс. 

         Аталған талаптарды  орындамаған жағдайда  заңға сәйкес бекітілген әкімшілік және басқа да жауапкершілік қаралғанын ескертеміз.

 

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті